Қазақстандық черлидинг және чир спорты одағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті тарапынан ұлттық федерация ретінде танылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің отырыстың қорытындысы бойынша «Қазақстандық черлидинг және чир спорты одағы» Федерациясы» РҚБ «черлидинг» спорт түрі бойынша ұлттық федерация ретінде танылды.
Қабылданған шешім Қазақстан Республикасында черлидинг спортын дамытудағы маңызды қадам болып табылады және Федерацияның аталған спорт түрін ұлттық және халықаралық деңгейде дамыту бағытында атқарып жатқан жұмысының маңыздылығын көрсетеді.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы мен Федерация Президентінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы черлидингтің одан әрі дамуы, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Ұлттық Олимпиадалық комитетпен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Федерация Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне көрсетілген қолдау мен сенім үшін алғыс білдіреді және черлидинг спортын дамытуға, қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.