Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы мен Федерация Президентінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстандағы черлидингтің одан әрі дамуы, спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Ұлттық Олимпиадалық комитетпен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Федерация Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетіне көрсетілген қолдау мен сенім үшін алғыс білдіреді және черлидинг спортын дамытуға, қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы позициясын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.